Алғабастағы айқай: тұрғындар су басқан көшені түн ортасында видео түсіріп, әкімдікке шағымданды

Алматыдағы Алғабас ықшамауданында тағы да су мәселесі тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Әлеуметтік желіде тараған видеода көшені лай су басып жатқаны көрінеді. Оқиға Фариза Оңғарсынова көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында болғаны айтылды. Тұрғындар «бұған біреудің салғырттығы себеп» деп ашулы. Кейбірі жаңбыр жауса болды, көшенің батпаққа айналатынын жазған. Желі қолданушылары әкімдік пен жауапты мекемелерді…

Толық оқу

25 тәулікке қамау: Маңғыстау облысында тасқа жазу жазған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Видеодан алынған кадр Маңғыстау облысында Ыбықты Сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған QazaqToday.info. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері шатқал аумағындағы тастарға ер адамның өз аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткенін анықтады. Аталған құқық бұзушылықты жасаған Маңғыстау облысының 21 жастағы тұрғыны екендігін  полиция қызметкерлері анықтады….

Толық оқу

Сүйекке қақалу: Ақтауда мерекені табиғат аясында атап өтпек болған мектеп қызметкері көз жұмды

Маңғыстау облысында 10 мамыр күні табиғат аясындағы корпоративтік демалыс кезінде 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. Ақтаудағы мектептердің бірінің ұжымы Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына серуенге шыққан. Дастарқан басында ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмған. Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған. Mangystautv.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облыстық…

Толық оқу

Президенттің сенімін ақтайсыз: Бектенов өзінің жаңа орынбасарына сәттілік тіледі

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов өзінің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа сенім танытты, деп хабарлайды QazaqToday.infoү Ең бірінші Бектенов Президент әкімшілігіне «кеткен» Роман Склярға алғыс білдіріп, табыс тіледі. «Өздеріңіз білетіндей, Роман  Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкіметтегі нәтижелі жұмысы үшін алғысымды айтамын және жаңа жауапты қызметте табыс тілеймін», —…

Толық оқу

Әскердегі өзгеріс: сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілді

Фото: istockphoto Елімізде сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілді. Бұрын тек сенбі, жексенбі күндері ғана ұстауға болатын. Бұл қадам әскердегі қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып отыр, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы. «Жақын арада Қорғаныс министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізіліп, сарбаздарға смартфондарын қолдануға рұқсат берілді. Қазіргі таңда өздерінің ата-аналарымен, туған-туыстарымен қатынастары күнделікті болып тұрады деп ойлаймыз. Өйткені бұған дейін 2022…

Толық оқу
Яндекс.Метрика