Отандасымыз ерлер арасында (71кг) заманауый стилде өнер көрсетіп, ақтық сында Тәжікстан өкілі Хуршедзода Бехрузден 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, бұл жүлде Қазақстан құрамасының осы Азиададағы екінші алтын медалі. Осыған дейін Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі стилде 77 келі салмақта топ жарған болатын.
Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.
