Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 450,5 522,6 5,37
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында ақаулыққа ұшырады Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады Петропавл маңындағы қоқыс полигонында өрт: 6 гектар аумақ жанып жатыр Көкшетауда зейнеткер 300 трамадол таблеткасын сатып алғаны үшін сотталды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Түркістан әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында ақаулыққа ұшырады Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады Петропавл маңындағы қоқыс полигонында өрт: 6 гектар аумақ жанып жатыр Көкшетауда зейнеткер 300 трамадол таблеткасын сатып алғаны үшін сотталды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде

    Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады

    Калифорния университетінің ғалымдары Тейлор Свифт құрметіне Swiftiephylus деп аталатын жаңа қандала туысын ашты. Туысқа төрт түр кіреді.

    Ғалымдар Тейлор Свифт құрметіне жаңа қандала туысын атады

    Сурет: inbusiness.kz

    Калифорния университетінің Риверсайд кампусындағы зерттеушілер әнші Тейлор Свифттің шығармашылығына деген құрметін ерекше жолмен білдірді. Олар жәндіктердің жаңа туысын Swiftiephylus деп атады. Бұл туралы inbusiness.kz МИР24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңа туысқа бірден төрт түр кіреді. Олар Австралияда тіршілік етеді және нағыз қандалалар тобына жатады. Дене мөлшері өте кішкентай, түсі ашық әрі алуан түсті болып келеді.

    Бұл жәндіктердің өмір сүру ұзақтығы бар-жоғы бір-екі ай. Олар сабақтар мен жас өркендерден өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Жұп іздеу үшін феромондар — химиялық сигналдарды пайдаланады. Ал оларға негізінен құстар мен кесірткелер қауіп төндіреді.

    Зерттеушілердің назарын жәндіктердің ерекше түсі аударды. Денесіндегі қызғылт-қызыл дақтар ши-оук өсімдігінің гүлдері арасында жасырынуға көмектеседі. Ғалымдардың пікірінше, бұл белгілер Тейлор Свифттің фирмалық бейнесін — ашық қызыл ерін далабын да еске салады.

    Жаңа туыстың типтік түрі Swiftiephylus taylorae деп аталды. Қалған үш түрге әншінің танымал альбомдарына сілтеме жасай отырып ат қойылды: S. amator — Lover (2019) альбомымен байланысты, S. intrepidus — Fearless (2008), ал S. poetorum The Tortured Poets Department құрметіне аталған.

    Тақырып бойынша оқыңыз:

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →