Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды «Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО) Жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының финалына шықты Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге дейін құнын жоғалтты Зардап шеккендер бар: Атырауда автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды «Ерікті бол — қан тапсыр!»: Жаңа адамдар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай акция бастады Петропавл тұрғындары батпақ кешіп жүр: халық көшенің жағдайына шағымданды «Қолсыз өмір»: Димаш Құдайберген кітап оқу марафонына қатыспақ (ВИДЕО) Жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

    Брижит Бардоның жеке заттары аукционда шамамен 1 миллион еуроға сатылды

    Брижит Бардоның жеке заттары аукционда шамамен 1 миллион еуроға сатылды
    Фото: Sipa USA/ТАСС

    Парижде француз актрисасы Брижит Бардоның жеке заттары аукционда шамамен 1 миллион еуроға сатылды. Ұйымдастырушылар бұл заттардан 50 мың еуро түседі деп болжаған, алайда түскен қаржы одан 20 есеге жуық көп болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Сен-Тропе мен Париждегі үйлерінен алынған 285 бұйымның арасында киім, әшекей, жиһаз, актрисаның өзі салған портреттері мен музыкалық аспаптары бар. Ұйымдастырушылар барлық заттың бастапқы құнын шамамен 50 мың еуроға бағалаған.

    Аукциондағы ең қымбат бұйымдардың бірі Бардоның өзі салған портреті болды. Ол 40 мың еуроға сатылды. Ресейлік сатып алушы екі ит қарғыбауы үшін 9,4 мың еуро төледі. Ал жазу машинкасы 4,6 мың еуроға, екі гитара тиісінше 8,6 мың және 1,9 мың еуроға өтті.

    Түскен қаржының бір бөлігі Бардо құрған жануарларды қорғау қорына, қалғаны оның ұлы Николя-Жак Шаррьеге беріледі. Қор басшылығы аукционды актрисаның 1987 жылы өз құнды заттарын сатып, қор құруға қаражат жинаған ісінің жалғасы деп сипаттады.

    Алайда актрисаның жұбайы Бернар д’Ормаль саудаға қарсы шыққан. Оның пікірінше, жеке заттар Бардо мұрасының бір бөлігі ретінде сақталуы керек еді.

    Айта кетейік, Брижит Бардо 2025 жылдың желтоқсанында 91 жасында дүниеден өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →