Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан — Қытай хоккей матчының тікелей эфирі 7 қарашада басталады • Төреғали Төреәлінің әйелдер туралы сөздері сынға ұшырады • Мирра Андреева қорытынды турнир алдында ойынындағы өзгерістерді атады • 20 жастағы Рафаэль Ходар ATP қорытынды турниріне алғаш рет жолдама алды • Соболенко қорытынды турнирдегі алғашқы қарсыласы Мухова туралы пікір білдірді • Шайдоров Олимпиада алтынынан кейінгі қиындықтар туралы айтты • Қазақстан — Қытай хоккей матчының тікелей эфирі 7 қарашада басталады • Төреғали Төреәлінің әйелдер туралы сөздері сынға ұшырады • Мирра Андреева қорытынды турнир алдында ойынындағы өзгерістерді атады • 20 жастағы Рафаэль Ходар ATP қорытынды турниріне алғаш рет жолдама алды • Соболенко қорытынды турнирдегі алғашқы қарсыласы Мухова туралы пікір білдірді • Шайдоров Олимпиада алтынынан кейінгі қиындықтар туралы айтты •

    World Boxing: 4 сәуірде қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шығады

    World Boxing: 4 сәуірде қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шығады

    Фото: Instagram/boxingkazakhstan

    World Boxing аясында өтетін әлем кубогының бірінші кезеңінде 4 сәуірде жартылай финалда қазақстандық 5 боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ел құрамасынан бүгін Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Жазира Орақбаева (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) сайысқа түседі.

    Ал Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді.

    Қазірге дейін ел құрамасынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Анита Әдішева (54 келі), Алмат Әбдуали (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

    World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең 30 маусым — 7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →