Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 19 қыркүйек 2026 $ 445,4 511,8 5,27
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бірінші курс студенттеріне арналған салтанат өтті

    Астанада Есіл жағалауындағы амфитеатрда Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бірінші курс студенттерін қабылдау салтанаты өтті. Шараға вице-министр Ермек Кенжеханұлы, Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов және ректор Қанат Тіреуов қатысты.

    Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бірінші курс студенттеріне арналған салтанат өтті

    Сурет: turkystan.kz

    Бүгін Астанада Есіл жағалауындағы амфитеатрда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Салтанатты шараға университет басшылығы, аграрлық сала мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өкілдері, құрметті қонақтар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Музыка, жарқын қойылымдар, заманауи технологиялар мен университет дәстүрлері жаңа буын студенттеріне арналған бір мерекеде тоғысты.

    Бірінші курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы Басқармасының төрағасы Бауыржан Асанов және Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов құттықтау сөз арнады. Олар студенттерді жаңа өмір кезеңінің басталуымен құттықтап, оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тілеп, университет ұсынатын мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға шақырды.

    Мерекелік бағдарлама шығармашылық қойылымдармен жалғасты. Сахнада «Астана жастары» әні орындалып, көпшілік флешмоб ұйымдастырылды. «Seifullin Voice – 2026» вокалдық байқауының жеңімпазы өнер көрсетіп, «Шабыт» ансамблі ұлттық музыкалық өнерді паш етті. Бағдарламаның ерекше нөмірлерінің бірі музыка мен заманауи технологияларды тоғыстырған Nomad Voice, AI SULTAN және AI SULU бірлескен қойылымы болды.

    Музыка, би, студенттік әзіл мен жарқын қойылымдар бірінші курс студенттеріне арналған бұл күнді нағыз мерекеге айналдырды. Кеше ғана талапкер болған жастар үшін бұл күн жаңа кезеңнің бастауы болды. Енді олар Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 70 жылға жуық тарихын өз жетістіктерімен жалғастыратын университет қауымдастығының бір бөлігіне айналды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →