Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты

    Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады

    Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» республикалық марафонына «Парасат» категориясы бойынша қатысады. Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін өтеді.

    Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады

    Сурет: ${article.img_text}

    Танымал әнші Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» республикалық марафонына қосылатынын мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    2026 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы «Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлтты қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Бұл құжат кітап оқуды дәріптеуге, кітапхана инфрақұрылымын дамытуға және отандық әдебиетті қолдауға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.

    Димаш Құдайберген марафонға «Парасат» категориясы бойынша қатысуды жөн көргенін айтты.

    — Соңғы уақытта оқыған кітаптарымның бірі — белгілі қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Қәріпбек Күйүковтің «Қолсыз өткен өмір» атты автобиографиялық шығармасы, — деді әнші.

    Өнер иесінің айтуынша, ол Қарағандыда Шахтерлар күніне орай өткен концертінің қарсаңында Қәріпбек Күйүковпен жеке кездескен.

    — Оның өмір жолы, тағдыр тауқыметіне мойымайтын қайсарлығы мен рухының үстемдігі маған ерекше әсер қалдырды. «Оқырман ұлт» марафоны жаңа кітаптар оқуға, одан өнеге алуға және оқығанды бір-бірімізбен бөлісуге түрткі болсын! — деп жазды Димаш Құдайберген.

    «Оқырман ұлт» республикалық марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Қатысушылар екі тілдік лигада — қазақ және орыс тілдерінде бақ сынайды. Жоба мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және басқа да санаттар үшін жеті бағытты қамтиды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →