Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Қазақстандық ғалымдар егін өнімін арттыратын жаңа технология ойлап тапты

    Қазақстандық ғалымдар егін өнімін арттыратын жаңа технология ойлап тапты

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған «NanoKukirt» атты жаңа препарат әзірледі, деп Qazaqtoday.info.

    Органикалық егіншілікке арналған отандық өнім Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асқан жоба нәтижесінде пайда болды.

    «NanoKukirt» сұйық және суспензия түрінде шығарылады. Ғалымдардың айтуынша, препарат экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тыңайтқыш ретінде ғана емес, өсімдіктерді саңырауқұлақ ауруларынан қорғайтын тиімді құрал ретінде де ерекшеленеді.

    Препарат құрамында өсімдік үшін маңызды элементтердің бірі – күкірттің мөлшері 25 пайызды, ал кальцийдің үлесі 5 пайызды құрайды.

    Жоба жетекшісі, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша, өнім құрамында зиянды химиялық заттардың болмауы оны органикалық егіншілікте қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді.

    Жаңа өнім ҚазҰУ-дың агробиостанциясында және Түркістан облысындағы егістік алқаптарында сынақтан өткен.

    Зерттеу барысында препарат дәнді дақылдарда, көкөністерде және бұршақ тұқымдас өсімдіктерде тамыр жүйесінің жақсы дамуына ықпал етіп, түйнек түзу үдерісін жеделдеткені анықталған. Сонымен қатар өсімдіктердің азотты тиімді сіңіруіне әсер еткен.

    Ғалымдар топырақтың микробиологиялық жағдайын да зерттеп, препаратты қолданудың ең тиімді мөлшерін анықтаған.

    ҚазҰУ ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Ұлтанбекованың айтуынша, жүгері тұқымдарын «NanoKukirt» препаратының 2 пайыздық ерітіндісіне 24 сағат бойы жібіту айтарлықтай нәтиже берген.

    «Сынақ нәтижесінде жүгері өнімділігі гектарына 20,41 тоннадан 61,22 тоннаға дейін өсті. Яғни түсім көлемі шамамен үш есеге артты. Бұдан бөлек, өсімдіктердің фитопатогенді саңырауқұлақтарға төзімділігі күшейіп, ауруға шалдығу деңгейі төмендеді», – деді ол.

    Бүгінде «NanoKukirt» органикалық ауыл шаруашылығында қолдануға рұқсат беретін ресми сертификат алған. Өнім өндірісі бекітілген стандарттарға сай жолға қойылған.

    Қазір жоба аясында 15 ғылыми қызметкер еңбек етеді. Оның алтауы өндірістік цехта тікелей жұмыс істеп, жаңа препаратты шығарумен айналысады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →