Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды

    TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды

    TikTok-та тікелей эфирде боғауыз сөздер айтқан Шымкент пен Қызылорда тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды: біреуі 7 тәулікке қамалды, екіншісіне айыппұл салынды.

    TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды

    Фото: freepik

    Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир барысында боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқық бұзушылықтарды полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықтаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шымкентте Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы TikTok-та бейәдеп сөздер қолданған. Полиция материалдарды сотқа жолдаған. Сот блогерді кінәлі деп танып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

    Қызылордада тағы бір жағдай тіркелді. TikTok-та тікелей эфир жүргізген 39 жастағы қала тұрғыны бірнеше рет бейәдеп сөздер айтқан. Сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

    Полиция әлеуметтік желідегі әрекеттерге де заң талаптары қолданылатынын еске салды. Қоғамдық мораль нормаларын бұзатын және бейәдеп сөздер қолданатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

    Құқық қорғау органдары блогерлер мен стримерлерге қарсы арнайы науқан жүргізіліп жатқанын жоққа шығарады. Полиция мұндай жағдайлардың жиілеуін кей қолданушылардың қаралым жинау үшін әдейі арандатушылық контент жасауымен байланыстырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →