Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты
Тележүргізуші Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізуге тура келгенін айтып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады.
Сурет: Әлеуметтік желіден
Танымал тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желіде жақында өмірден өткен анасы туралы естелігін жариялап, әсерлі жазба бөлісті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол анасының қазасынан кейін көңілі жүдеу болғанына қарамастан, той жүргізуге мәжбүр болғанын жеткізді. Тележүргізушінің сөзінше, той иелері оны шараға алдын ала шақырғандықтан, бас тарта алмаған.
«Жүрегің жаралы, бірақ той жүргізіп жүрсің… Біреудің қуанышын бұзуға менің құқығым жоқ. Той иелері үлкен өтінішпен жаз басында шақырып қойып еді, бас тарта алмадым, ыңғайсыздандым…», — деп жазды ол.
Сонымен қатар Анна Данченко той барысында анасының қоңырауын күткендей телефонға қайта-қайта қарағанын атап өтті.
«Қайта-қайта телефонға қараймын. Анам хабарласушы еді: “Тамақ ішіп жүр, мен сені үйде күтіп отырмын” деп», – деп жазды тележүргізуші.
