Азиада-2026: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин чемпион атанды
Туризм және спорт министрлігі
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.
Осы тұста MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылғанын айта кетейік.
Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/289119-zazgy-aziada-2026-mma-seberi-erkingali-burkitalin-cempion-atandy
