Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады

    Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Карин «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының мазмұны мен брендбугіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді.

    Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады

    Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

    Қазақстан мектептеріндегі «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының мазмұны мен брендбугі жаңартылмақ. Бұл өзгерістер жаңа Конституцияның қабылдануымен және қоғамда оқу мәдениетін дамытумен байланысты болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Карин Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Адал азамат» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілген болатын. Ерлан Кариннің айтуынша, ол оқушылардың бойында еңбекқорлық, адалдық, білімге құштарлық, жауапкершілік және ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

    — «Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын қоғамның жаңа талаптары мен сұраныстарын, сондай-ақ түбегейлі өзгерістерді ескере отырып, үнемі жаңартып отыру маңызды. Осыған байланысты Қазақстан Президентінің тапсырмасымен бағдарламаның мазмұны мен брендбугіне өзгерістер енгізілуде. Олар жаңа Конституцияның қабылдануымен және қоғамда оқу мәдениетін дамытумен байланысты, — деді Ерлан Карин жазбасына бейнежазбаны қоса отырып.

    Ерлан Кариннің хабарлауынша, тек осы жылы бағдарламамен республика бойынша 2000 мектепті қамту жоспарланған. Астанада тиісті жұмыс 120 мектепте көзделген, оның 90-ында ол қазірдің өзінде жүргізілді.

    Вице-Президенттің айтуынша, бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен дизайн-код жаңа қоғамдық этика жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл өскелең ұрпақтың бойында тәртіптілікті, тазалыққа ұмтылысты, сондай-ақ жасампаз және ілгерішіл құндылықтарды тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.

    Бұған дейін Kazinform Қазақстанның екі мыңнан астам мектебінде бірыңғай тәрбие ортасы қалыптасып жатқанын хабарлаған болатын. Білім беру кеңістіктерін безендіруде «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары, жаңа Конституцияның нормалары, «Таза Қазақстан» идеялары, көрнекті тұлғалардың сөздері, еліміздің табиғаты мен көрікті жерлерінің бейнелері қарастырылған.

    Сондай-ақ бұған дейін «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы жекеменшік мектептерге де енгізілетіні хабарланған еді. 2026 жылы бағдарламаны одан әрі кеңейту және мектептер үшін бірыңғай дизайн-код жасау көзделген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →