Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Ақорда Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
