Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды •

    Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр

    Ресей 2030-жылдардың ортасында Айда 5 кВт атом қондырғысын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаға Росатом, Роскосмос және Курчатов институты қатысады.

    Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр

    Сурет: cурет: istockphoto.com

    Ресей 2030-жылдардың ортасына қарай Айда қуаты кемінде 5 кВт болатын атом энергетикалық қондырғысын іске қосуды көздеп отыр. Бұл қондырғы болашақта Айда салынатын ғылыми базаны, ай роверін және зерттеу жабдықтарын электр қуатымен қамтамасыз етуі мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, Айға арналған атом энергетикалық қондырғысын жасау жұмыстары алдағы онжылдықтың ортасына дейін аяқталуы тиіс. Ол бұл туралы шетелдік ғалымдарға Мәскеудегі ВДНХ аумағында орналасқан «Атом» музейінде экскурсия өткізу кезінде мәлімдеген.

    Жоспар бойынша, қуаты кемінде 5 кВт болатын қондырғы он жылға дейін үздіксіз жұмыс істеуге есептелген. Жобаға «Росатоммен» бірге «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы мен Курчатов институты да қатысып жатыр.

    Айдағы тұрақты энергия көзі ғылыми зерттеулер жүргізуге және ұзақ мерзімді инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Жер серігінде түн шамамен екі аптаға созылатындықтан, күн панельдері энергия өндіре алмайтын кезеңде ядролық қондырғы электр қуатын үздіксіз бере алады.

    Дегенмен, жоба әлі жоспарлау және әзірлеу кезеңінде. Қондырғыны Айға жеткізу, оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету және қажетті инфрақұрылымды дайындау секілді күрделі техникалық міндеттерді шешу қажет.

    Айды игеруге арналған атом энергетикалық жүйелерін әзірлеу Ресеймен ғана шектелмейді. АҚШ-тың NASA агенттігі де 2030 жылға қарай Ай бетінде ядролық реактор орналастыруға қажетті технологияларды әзірлеу жөніндегі жоспарын жариялаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →