Семейде тұрғындар батпаққа батып жүр: екі көшенің қиылысындағы жол мәселесі қашан шешіледі?
Семейде Семенов-Тянь-Шанский мен Академик Павлов көшелерінің қиылысындағы жол батпаққа айналып, тұрғындар наразы. Жаяу жүргіншілер өткелі мен асфальттауды талап етіп отыр.
Видеодан кадр
Абай облысының Семей қаласында Семенов-Тянь-Шанский мен Академик Павлов көшелерінің қиылысындағы жолдың жағдайы тұрғындардың наразылығын туғызды. Жаңбыр жауған сайын жолды су басып, айнала батпаққа айналады, соның салдарынан жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне қатынау қиындаған. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп, алдымен жолды тегістеп, тас төсеуді, кейін асфальттауды талап етіп келеді. Сонымен қатар, Беспаев пен Академик Павлов көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер өткелінің белгісін орнату қажеттігін айтып отыр. Алайда тұрғындардың сөзінше, әзірге бұл мәселелер бойынша нақты нәтиже жоқ. Семейдегі жол мәселесі қашан шешіліп, жауапты мекемелер тұрғындардың талабына қашан құлақ асады?
Видео: @oo_osa_semey__vko
