АТЫРАУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨПІР ҚАҚ АЙЫРЫЛҒАНДАЙ: ТҰРҒЫНДАР «ҚҰЛАП КЕТПЕЙ МЕ?» ДЕП ҚОРҚЫП ОТЫР
Фото: видеодан скрин
Атырау облысының орталығы Атырау қаласындағы орталық көпірдің конструктивті түйіскен тұстары ажырап, арасы ашылғаны тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Күн сайын мыңдаған көлік пен жаяу жүргінші өтетін көпірдің қазіргі көрінісі жұртты шошытып отыр. Қала тұрғындары көпірдің қақ айырылғандай көрінісіне қарап, «Астымыздан құлап кетпей ме?» деп қауіптенеді. Ал Атырау қаласының әкімдігі әзірге жағдайға қатысты нақты түсініктеме беріп, көпірдің қауіпсіздігі жөнінде ресми мәлімет ұсынбаған. Әкімдік пен жауапты мекемелер көпірді қашан тексеретінін, анықталған ақаудың қауіпті не қауіпсіз екенін ашық айтуы керек. Тұрғындар көпірдің жағдайына қатысты ресми жауап пен қауіпсіздікке кепіл болатын нақты шараларды күтіп отыр.
Видео: @kim.v.p
