Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді
Актриса Фариза Ескермес әлеуметтік желіде күйеуі Андрейге деген ризашылығын білдіріп, отбасылық бақыты туралы жазба жариялады.
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes
Отандық актриса Фариза Ескермес әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Андрейге деген ерекше ризашылығын жеткізіп, жазба жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі өмірлік жарының бойындағы тектілік пен мәдениеттілікті жоғары бағалап, өзінің жолы болғанын атап өтті.
«Мәдениетті, зиялы күйеу сыйлаған Аллаға рақмет. Адамның ішкі мәдениеті — нағыз бақыт пен байлық», — деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.
Сонымен қатар Фариза оқырмандарына үйлену тойында түсірілген естелік суреттерін көрсетті. Айта кетейік, жас жұбайлар 2024 жылдың қыркүйегінде дүркіретіп той жасаған болатын.
