Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ •

    9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды

    3 қарашада 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі басталады. Сайыс Smart Daryn платформасында өтеді.

    9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды

    Сурет: ernur.kz

    3 қарашада еліміздің барлық өңірінде 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың бірінші, мектепішілік кезеңі өтеді. Сайыс Smart Daryn платформасында ұйымдастырылады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Төрт кезеңнен тұратын олимпиада оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және қаражатты жауапкершілікпен басқару мәдениетін дамытуға бағытталған.

    Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтыну бағыттары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

    Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша әр ауданнан ең жоғары балл жинаған 30 оқушы екінші кезеңге жолдама алады. Аудандық кезең 14 желтоқсанда Smart Daryn платформасында онлайн форматта өтеді.

    Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жүзеге асырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →