Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді • «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды • «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) • Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді • «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды • «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) •

    «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды

    «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды

    Фото: Бас прокуратура/Видеодан скрин

    Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматшасын Қазақстан Грузиядан экстрадициялады. Тергеу барысында, оның ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болып, «Kyzdar.net» сайты арқылы жезөкшелерді жарнамалағаны, осылайша жеңгетайлықпен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бас прокуратураның мәліметінше, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, түскен ақшадан өз үлесін алып отырған. Ал қалғанын жезөкшелерге арналған сайттың әкімшілеріне аударып отырған. Осылайша жеңгетайлық жұмыспен тұрақты айналысып жүрген.

    Бүгінге дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болғандардың біразы түрлі мерзімге сотталып кеткен. Алайда жекелеген мүшелері, олардың арасында күдікті де жазадан қашу үшін шетел асып кеткен. Олар халықаралық іздеуге жарияланған.

    Биыл шілде айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға тапсырылды.

    «Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →