Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды •

    Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті

    Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті
    Фото: tengrisport.kz

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің өзімен жекпе-жек өткізуге келісетініне күмән келтірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

    Отандасымыздың пікірінше, мексикалық боксшы әлемдегі ең үздік қарсыласпен жұдырықтасудан жалтарады.

    «Бұл жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін! Канело да, оның командасы да мені жақсы біледі. Алайда олар ғаламшардағы ең үздік боксшымен жұдырықтасуға келісе қояды деп ойламаймын. Егер келіссе, бұл жекпе-жекті бүкіл әлем тамашалайды», – деді Әлімханұлы.

    Қазақстандық боксшы екінші орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуін жеңіп алған жағдайда «Канеломен» супер жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туады деп үміттенеді. Ол мексикалықты бұл салмақ дәрежесіне ауыспай тұрып-ақ айқасқа шақырған еді. Жуырда Альварес Сауд Арабиясында Кристиан Мбиллиді жеңіп, WBC чемпионы атанды.

    Қазір Жәнібек Әлімханұлы даниялық Якоб Банкпен бос тұрған WBO белбеуі үшін өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бұған дейін бұл титулға таласуы тиіс болған ұлыбританиялық Хамза Шираз кездесуден бас тартқан.

    Якоб Банкпен айқас қазақстандық боксшы үшін шамамен бір жарым жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Еске салайық, Әлімханұлы Эрисланди Ларамен өтуі тиіс кездесудің алдында допингке байланысты уақытша шеттетілген еді. Кейін WBO ұйымы оның дисквалификация мерзімін мерзімінен бұрын тоқтатты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →