Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Рыбакинаны алмастырған украиналық теннисші WTA қорытынды турнирінде барлық матчын ұтылды •

    Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

    Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

    Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген дат спортшысы Якоб Бэнк арасындағы алдағы жекпе-жекке назар аударды. Боксшылар екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы белбеуі үшін кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    WBO ұйымының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында алдағы жекпе-жектің постері жарияланды. Ұйым жазбаға «Бұл шайқаста кім жеңіске жетеді?» деген сауал қосқан.

    Жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұған дейін аталған титул британдық Хамза Ширазға тиесілі болған.

    Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл кездесу жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен аяқталған.

    Ал Якоб Бэнктің еншісінде 20 жеңіс бар, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Дат боксшысы кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →