Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті • АТЫРАУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨПІР ҚАҚ АЙЫРЫЛҒАНДАЙ: ТҰРҒЫНДАР «ҚҰЛАП КЕТПЕЙ МЕ?» ДЕП ҚОРҚЫП ОТЫР • Семейде тұрғындар батпаққа батып жүр: екі көшенің қиылысындағы жол мәселесі қашан шешіледі? • Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті • АТЫРАУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨПІР ҚАҚ АЙЫРЫЛҒАНДАЙ: ТҰРҒЫНДАР «ҚҰЛАП КЕТПЕЙ МЕ?» ДЕП ҚОРҚЫП ОТЫР • Семейде тұрғындар батпаққа батып жүр: екі көшенің қиылысындағы жол мәселесі қашан шешіледі? • Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареске сес көрсетті • Фариза Ескермес күйеуі Андрейге ризашылығын білдірді • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады •

    Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті

    Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті: «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» фильмдері көрсетіліп, елші Нұрлан Онжанов құттықтау сөз сөйледі.

    Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті

    Сурет: ernur.kz

    Германия астанасында Қазақстан киносы күндері ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Іс-шара бағдарламасы аясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» көркем фильмдері көрсетілді. Кино күндерінде Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов құттықтау сөз сөйледі.

    «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі алдында режиссер Рүстем Әбдірашев туындыға арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, фильмнің түсірілу ерекшеліктері мен сол оқиғалардың экранда қалай бейнеленгені туралы әңгімеледі.

    Көрсетілімдерге жергілікті тұрғындар, студенттер, неміс кинорежиссерлері, іскер топ пен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

    Қазақстан киносы күндері «Жерұйық» көркем фильмінің көрсетілімімен жалғасты. Көрермен адам тағдыры, тарихи сана мен рухани құндылықтар тақырыбын арқау еткен отандық киноның тағы бір туындысымен танысты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →