Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды •

    Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

    Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да мемлекет басшылары ықпалдастық пен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

    Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

    Фото: Ақорданың Telegram-арнасы

    Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, Ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді әрі алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады. Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті. Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының ықпалы ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды.

    Қазақстан Президенті сөз соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, осы жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →