Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, бір-біріне ғашық болды • Нұрқожа Қайпанов бүгін Астанада әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі • Қазақстан Кубогы: Алматы ерлері мен Қарағанды әйелдері жеңімпаз атанды •

    Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Нұрқожа Қайпанов Астанада өткен еркін күрестен әлем чемпионатының финалында Ресей балуаны Иналбек Шериевке жол беріп, күміс медаль алды.

    Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Фото: ҰОК

    Астанада өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов күміс медальға қол жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда отандасымыз Ресей балуаны Иналбек Шериевпен белдесті. Ақтық кездесуде Қайпанов қарсыласына есе жіберіп, әлем біріншілігін күміспен қорытындылады.

    Финалға дейінгі жолда жерлесіміз төрт белдеуде жеңіске жетті. Ол Косово өкілі Эгзон Хониді, Әзірбайжан балуаны Туран Байрамовты, Тәжікстан спортшысы Виктор Рассадинді және жапониялық Йошиносуке Аоягиді ұтты.

    Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов осы әлем чемпионатында финалға шыққан Қазақстан құрамасының жалғыз өкілі болды.

    Бұған дейін ол 2024 жылы әлем чемпионы атанса, 2019 жылы күміс, ал 2025 жылы қола медаль иеленген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →