Қазақстан мен Вьетнам арасында келіссөздер жүргізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді. Екі ел басшысы мынадай құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың…
