Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 21 қараша 2026 $ 453,0↑€ 497,7↑₽ 5,54↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевты «Анашым» әнін иемденді деп айыптады

    Марат Омаров «Анашым» әніне қатысты Нұрлан Өнербаевтың әрекетін сынға алып, өзгенің еңбегін иемденуге қарсылық білдірді.

    Марат Омаров Нұрлан Өнербаевты «Анашым» әнін иемденді деп айыптады

    Фото: видеодан скрин

    «Өзгенің еңбегін өз атынан иемдену – адамына сын». Осылай деп танымал сазгер Марат Омаров әнші Нұрлан Өнербаевқа қатысты наразылығын білдірді. «Анашым» әніне қатысты дау қайта өршіді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұған дейін композитор аталған туындыны орындауға Нұрлан Өнербаевқа қарсылық білдірген еді.

    Жақында әлеуметтік желіде Нұрлан Өнербаевтың концерттерінің бірінде айтқан сөзі тарады. Әнші көрермен алдында әннің авторы кім екені немесе мәтінін кім жазғаны маңызды емес екенін айтқан. Бұл видео Марат Омаровқа да жеткен.

    Сазгер видеоны көргеннен кейін өз наразылығын жасырмады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің әрекетін сынға алып, өзгенің еңбегін иемдену дұрыс емес екенін жазды.

    «Маған осындай видео келді. Мына ісің ұят болды. Өзгенің еңбегін өз атынан иемдену – адамына сын. Ар мен абырой бәрінен биік болуы керек», – деп жазды Марат Омаров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →