Санжар Еруланұлы дзюдодан юниорлар арасындағы әлем чемпионы атанды
Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 100 кг салмақта финалда жапондық Сёкэй Хираноны 11:0 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.
Сурет: sports.kz
Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы 100 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде юниорлар арасындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреске шықты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Финалда Еруланұлы жартылай финалда грузиялық Николоз Заалишвилиді жеңген жапондық Сёкэй Хираномен кездесті. Қазақстандық финалдық күресті 11:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды.
Ол бірінші айналымды күресусіз өткізіп, алғашқы күресінде Германиядан келген Даниил Спиридоновты жеңді. Содан кейін Еруланұлы италиялық Франческо Маццонды басым түсті. Ширек финалда ол әзірбайжандық Давуд Намазлыны жеңсе, финалға шығу жолында испаниялық Никита Юдановты ұтты.
