Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының жүрегіне алаңдап, дәрігерге жүгінді
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде ұлы Нарұлдың жүрегіне шағымданғанын жазып, кейін дәрігер тексерісінде алаңдайтын ештеңе жоқ екенін хабарлады.
Фото: видео скриншот
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде ұлының денсаулығына қатысты жазба жариялады. Өнер иесі үлкен ұлы Нарұлдың соңғы кезде жүрегіне шағымданып жүргенін айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Соңғы уақытта Нарұл жүрегіне шағымданып жүр. Кейде тез соғып тұрғандай, кейде керісінше сезінемін дейді. Уайымдап біттім», – деп жазды актриса.
Кейін ол дәрігердің қабылдауында болғанын, тексеріс нәтижесінде ұлының денсаулығында алаңдайтындай ештеңе жоқ екенін мәлімдеді.
