Тоқаев: Шынайы отаншылдық кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрамен өлшенеді
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында шынайы отаншылдық кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрамен өлшенетінін айтты.
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінетінін, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенетінін айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Сондықтан халықтың әл-ауқаты мен ұлттық мүддені қара басының қамынан жоғары қоятын нағыз мемлекетшіл тұлғалар қажет. Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді. Бақ-дәулет келеді де кетеді, ал соңыңда жасаған ісің мен жақсы атың қалады. Соның бірі – ертең адамдар, келер ұрпақ игілігін көретін әлеуметтік инфрақұрылымдар. Қоғамда заң үстемдігі салтанат құруы үшін сенімді тірек керек, яғни, адамдардың өзегі мықты, моральдық принциптері мықты болғаны жөн. Дәл осы себепті жаңа қоғамдық этика қалыптастыру және «Таза Қазақстан» тұжырымын дәріптеу өте маңызды. Өйткені тек айналамыздан ғана емес, азаматтарымыздың ниет-пиғылынан, сөзінен және іс-әрекетінен тазалық сезіліп тұруға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
