Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына 25 жылдық мерейтойында жаңа оқу корпусын табыс етті • UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды • Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін «тіршілік үшін күрес» деп бағалады • Тоқаев: Қазақстан технологиялық жаңаруды жеделдетуі керек • Эфир — жаңа базар: сатушы камера алдында, ал жұмыстың көбі камерадан тыс • Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды • Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына 25 жылдық мерейтойында жаңа оқу корпусын табыс етті • UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды • Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін «тіршілік үшін күрес» деп бағалады • Тоқаев: Қазақстан технологиялық жаңаруды жеделдетуі керек • Эфир — жаңа базар: сатушы камера алдында, ал жұмыстың көбі камерадан тыс • Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды •

    Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына 25 жылдық мерейтойында жаңа оқу корпусын табыс етті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының 25 жылдығына орай жаңа оқу корпусының ашылуына қатысып, Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру стратегиясын атап өтті.

    Тоқаев Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына 25 жылдық мерейтойында жаңа оқу корпусын табыс етті

    фото: ашық дереккөз

    Мемлекет басшысы жақында филиалдың 25 жылдығын атап өткенін еске салды. Мерейтойлық датаға орай білім ошағына барынша қолайлы, маңызды міндеттерді орындауға бейімделген жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент стратегиялық мақсат Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру, жаһандық білім нарығының, соның ішінде өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу екенін айтты.

    «Қазір ауқымды ұйымдастыру жұмыстарының бірінші кезеңінен өттік деп айтуға болады. Осыған байланысты министр Саясат Нұрбекке ризашылығымды білдіремін. Әлемнің жетекші оқу орындарымен жемісті серіктестік орнатып, көптеген шетелдік университеттің филиалдарын аштық. Білім беру мен ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жаңғырту басталды. Елімізде М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы көп жыл бойы жемісті жұмыс істеп келеді. Оқу орны Қазақстан мен Ресейдің білім-ғылым саласындағы тиімді ынтымақтастық алаңына айналды», — деді Тоқаев.

    «Былтыр Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы есігін айқара ашты. Іргелі оқу орнының өкілдігі дипломатия, экономика мен цифрлық технология бағыттарында сұранысқа ие мамандар даярлауға кірісіп кетті. Астана қаласында институтқа арналған жаңа ғимарат салу қолға алынды», — деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →