Әлеуметтік желіде ата-ана еңбегі туралы жазба көпшіліктің назарын аударды
Әлеуметтік желіде ата-ананың бала өміріндегі орны мен еңбегі туралы жазба көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары видеоны көріп, көздеріне жас алғанын жазып жатыр.
Фото: Бейнежазбадан
Әлеуметтік желіде ата-ананың бала өміріндегі орны мен олардың төккен еңбегі туралы ой бөліскен жазба көпшіліктің назарын аударды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Желі қолданушысы бүгінгі жетістіктеріміздің артында ата-анамыздың біз үшін жасаған еңбегі мен маңдай тері тұрғанын еске салды.
Instagram желісіндегі @besbayeva_k парақшасында жарияланған жазбада адам қол жеткізген жетістіктерге ата-анасының қосқан үлесі ерекше атап өтілген.
«Бүгінгі барымыз — ата-анамыздың біз үшін жасаған еңбегінің жемісі», деп жазған әншінің жұбайы. Желі қолданушылары аталған видеоны көріп, еріксіз көздеріне жас алғанын жарыса жазып жатыр.
