Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге көмектесуі керек • «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі • Президент ауыл шаруашылығына қатысты барлық бағдарламаны тексеруді тапсырды • Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі   • Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды • «Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті • Тоқаев: Жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге көмектесуі керек • «Барыс» бүгін Ресейде «Авангардпен» кездеседі • Президент ауыл шаруашылығына қатысты барлық бағдарламаны тексеруді тапсырды • Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі   • Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды • «Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті •

    Тоқаев: Жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге көмектесуі керек

    Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында жасанды интеллектіні агросекторға енгізу, кредиттік рәсімдерді оңтайландыру және арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде мәлімдеді.

    Тоқаев: Жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге көмектесуі керек

    Сурет: istockphoto.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында жасанды интеллектіні агросекторға енгізу мәселесіне тоқталды. Ол бұл технологияның ауыл шаруашылығы өнімділігін арттырудағы рөлін зерделеу қажеттігін атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Сонымен қатар қаржыландыруға өтінім беруден бастап оны алуға дейінгі әуре-сарсаңды азайтып, рәсімдерді барынша оңтайландыру қажет. Бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Проблеманың шешімі оңай көрінгенімен, қайталауға тура келіп тұр. Басқаша айтқанда, шаруалардың кредитті өтеу қабілетін бағалайтын цифрлық модель енгізу керек», – деді Президент.

    Ол ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізу туралы жиі айтылып жүргенін еске салды. Жуырда ЖИ саласындағы жаһандық жетекші компаниялардың басшыларын қабылдағанын, олардың агросекторға жасанды интеллектіні енгізу жөнінде кеңес бергенін хабарлады.

    Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігінің келешегіне қатысты болжамдар, өкінішке қарай, көңіл көншітпейді. Қазір Эль-Ниньо деп аталатын табиғи құбылыстың салдарына кешенді талдау жүргізілуде. Жорамалдар да мәз емес.

    Алайда Қазақстан бұл жағдайда үлкен артықшылыққа ие. Орайлы сәтті пайдаланып, аталған салаға жасанды интеллектіні енгізу арқылы алға озуға және әлемдік ауқымдағы азық-түлік қорын қалыптастыруға мүмкіндігі бар. Осы істі неге қолға алмасқа? Меніңше, бұл міндетті бірінші кезекте Үкіметтегі осы мәселемен айналысатын блокқа жүктеу керек.

    Мұндай құрал кредит беру туралы шешімнің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, өтінімдерді қарау мерзімін және әкімшілік кедергілерді қысқартады.

    Жалпы, жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге қалай көмектесетінін зерделеу қажет. Әрине, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін қаржы құралдарын белсенді әрі тиімді қолданған жөн. Ал саланың өнімділігі ойдағыдай емес. Оны мойындағанымыз дұрыс.

    Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге арнайы бағдарлама әзірлеу міндеті жүктелді. Құжатта әлемдегі озық тәжірибе де ескеріледі. Бағдарламада ұзақмерзімді шартпен қаржы тарту, техникалық және сараптамалық қолдау көрсету, заманауи технологиялар мен озық ғылыми әзірлемелерді қолданысқа енгізу тетіктері қарастырылуға тиіс», – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →