Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды • Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО) • Элизабет Холмс туралы «Увидеть все» деректі фильмі Қазақстанда прокатқа шықты • WTA Елена Рыбакинаны маусым қорытындысы бойынша жүлдеге ұсынды • Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды • Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО) • Элизабет Холмс туралы «Увидеть все» деректі фильмі Қазақстанда прокатқа шықты • WTA Елена Рыбакинаны маусым қорытындысы бойынша жүлдеге ұсынды • Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады •

    Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды

    Nature Energy Solutions 1,2 млрд долларлық облигация шығарылымының айналыс мерзімін алты айдан бір жылға ұзартты. Купондық сыйақы 8%, өтеу күні 2027 жылғы 18 мамыр.

    Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды

    Фото: Forbes.kz

    Қазақстандық кәсіпкер Шахмурат Муталиппен байланысты Nature Energy Solutions Ltd. компаниясы 1,2 миллиард долларлық облигация шығару шарттарына өзгеріс енгізді. Жаңартылған құжаттарға сәйкес, бағалы қағаздардың айналыс мерзімі алты айдан бір жылға ұзартылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тиісті ақпарат Astana International Exchange (AIX) алаңында жарияланды. Құжаттардан көрінгендей, Nature Energy Solutions облигациялары 2026 жылғы 18 мамырда шығарылған. Бастапқыда олардың айналыс мерзімі алты ай болған. Енді жаңартылған шарттарда өтеудің жаңа күні – 2027 жылғы 18 мамыр көрсетілген.

    Компания әрқайсысының номиналды құны 1000 доллар болатын 1,2 миллион облигация шығарды. Осылайша, жалпы шығарылым көлемі 1,2 миллиард долларды құрады. Бағалы қағаздар бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8% деңгейінде белгіленген. Купондық сыйақы төлеу 2027 жылғы 18-23 мамыр аралығында жоспарланып отыр. Шығарылым шарттарына сәйкес, тартылған қаражат эмитенттің бизнесін қаржыландыруға арналған. Nature Energy Solutions Астанада тіркелген. Компанияның негізгі қызмет бағыты – табиғи газды көтерме саудалау.

    Шығарылым құжаттары облигация ұстаушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар шарттарды көздейді. Атап айтқанда, инвесторлардың алдын ала жазбаша келісімінсіз компания жаңа қарыздар тартуға, кепілдіктер беруге, дивидендтер төлеуге немесе бөлуге, сондай-ақ акционерлер мен түпкілікті бенефициарлық иелердің құрамын өзгертуге құқылы емес. Осыған ұқсас шектеулер Nature Energy Solutions-тегі үлестерге және облигацияларды орналастырудан түскен қаражат есебінен сатып алынған активтерге де қолданылады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың келісімінсіз мұндай активтерді сатуға, беруге, кепілге қоюға немесе сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынады.

    Сонымен қатар, құны компания активтерінің 10%-ынан асатын ірі мәмілелер жасасу, сондай-ақ оны қайта ұйымдастыру немесе тарату үшін инвесторлардың жазбаша келісімі қажет болады. Байланысты тараптармен жасалатын мәмілелер тек нарықтық шарттарда жүргізілуі тиіс.

    Еске салайық, Шахмурат Муталип Қазақстанның ірі тау-кен металлургия холдингтерінің бірі – Eurasian Resources Group (ERG) үлесінің 39,3%-ын сатып алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →