Атырау облысында малшы иен даладан зымыран снарядын тауып алды

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде қой бағып жүрген малшы зымыран снарядының корпусын таупы алған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  ATPress жазуынша, оқиға 24 қыркүйекте сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған. Оқиға орнына құзырлы орган өкілдері барып, аумақты қоршауға алған. Қазіргі кезде зымыранның атауы мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып тергеу…

Толық оқу

26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының…

Толық оқу

17 жыл құлдықта болған қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

17 жыл бойы туған ағасы күң қылып ұстаған апалы-сіңлі Назгүл бен Құндыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр. Бұл туралы қыздардың үйіне қонаққа барған журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Журналистің айтуынша, қыздар қазір 3 аптадан бері кешенді ем қабылдап жатыр. «Апалы-сіңлілі кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар, олардың тамағын…

Толық оқу

Күтушінің күйеуі мәйітті жол бойындағы дәретханға лақтырып жіберген

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырған. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Қордың хабарлауынша, оқиға қыркүйектің басында болған. Анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін…

Толық оқу

«Артық төлем»: Жетісу облысында депутаттар шығарған шешімнің күшін прокурорлар заңсыз деп тапты

Жетісу облысында мәслихат депутаттары заңсыз шешім шығарған. Текелі қалалық мәслихатының депутаттары жер салығын 20 % — ға арттыру туралы 2 қаулы қабылдаған. Салдарынан Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа артығымен ақша төлеткізген. Алайда прокуратура депутаттар шығарған шешімнің күшін жойып, қабылданған құжаттарды заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  «Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге…

Толық оқу
Яндекс.Метрика