Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 21 қараша 2026 $ 453,0↑€ 497,7↑₽ 5,54↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды • Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының жүрегіне алаңдап, дәрігерге жүгінді • Рүстем Жүгінісовтің «ухти» сөзіне қатысты видеосы желіде талқыға түсті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • Маңғыстау полициясы балалар мен жастар қатысатын іс-шараларды ерекше бақылауға алды • Двалишвили: Александр Топурия сөзсіз UFC чемпионы болады • Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды • Жұлдыз Әбдікәрімова ұлының жүрегіне алаңдап, дәрігерге жүгінді • Рүстем Жүгінісовтің «ухти» сөзіне қатысты видеосы желіде талқыға түсті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • Маңғыстау полициясы балалар мен жастар қатысатын іс-шараларды ерекше бақылауға алды • Двалишвили: Александр Топурия сөзсіз UFC чемпионы болады •

    Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды

    19 қарашада Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды. Марапат әншінің халықаралық жетістіктері мен мәдениеттерді жақындастыруға қосқан үлесі үшін берілді.

    Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды

    Фото: dimashnews.com

    19 қарашада Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белбеуі табысталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл марапат өнерпаздың халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне және музыка арқылы түрлі елдер мен мәдениет өкілдерін жақындастыруға қосқан үлесіне берілген баға болды.

    Белбеуді Дүниежүзілік бокс кеңесінің өкілдері кіші Гектор Сулейман, Хосе Антонио Арреола Сулейман, Виктор Сильва және Қазақстанның WBC-дегі өкілі Әлихан Жарылғапов табыстады.

    Димаштың анасы, қазақстандық әнші Светлана Айтбаева Латын Америкасындағы концерттік сапар барысында бірқатар жағымды жаңалық болғанын атап өтті.

    «Монтеррейде қазақстандық әншінің бейнесі салынған мурал пайда болса, Мехиконың орталығындағы Мексиканың көрнекті тұлғасы Венустиано Каррансаға арналған мұражайда Димаштың шығармашылығына арналған фотокөрме ашылды», — деді ол.

    Сөзінше, көрмеге Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің өкілдері де қатысқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →