1,5 миллион теңге бөлінген Ленин ескерткішін трактор қағып құлатты
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Алтай қаласында (бұрынғы Зырян) Лениннің ескерткшін абайсызда трактор қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әлеуметтік желіде тараған видеода тракторшы Лениннің мүсінін абайсызда құлатып алған. Бұған дейін осы Алтайда пролетариаттардың көсемінің ескерткіші жаңартылатыны туралы ақпарат тараған. Қалалық мәслихат бюджеттен 1 миллион 449 мың теңге бөлуді мақұлдаған. Алтайдағы Ленин ескерткіші жергілікті маңызы…
