«Жайлы мектеп» жобасы аясында 200-ден аса мектептің құрылысы басталды

Үкімет білім беру саласына қатысты биылғы жыл қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Қазір республикада мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылып жатыр. Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді. 210…

Толық оқу

шетелдік ерлі-зайыпты асырап алған қазақ қызы өз ата-анасын іздейді

АҚШ-тың Орем қаласындағы ерлі-зайыптылар асырап алған қазақ қызы Линдзи (Лаура) шетелге 7 жасында келген. Биыл 30-ға толатын қазақ қызы өз отбасын іздейтіні туралы «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Massaget.kz. Ол қазір шетелде бір бөлмені жалдап тұрады. «Асырап алған әке-шешемнің ажырасып кеткені жаныма қатты батты. Бәрінен бұрын бауырларым теріс айналды, менімен араласқылары келмеді. Себебі…

Толық оқу

Қарағандыға кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кетті

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті. Patriotkaragandy  басылымының хабарлауынша, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігінде такси қызметімен айналысқан. Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысқа шықпаған. Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция…

Толық оқу

Илья Ильинге шұғыл ота жасалды

[Әдетте, мұндай отадан кейін қалыпқа келу мерзімі шамамен алты айды құрайды. Алайда Ильин денсаулығы жақсы екенін, көп үзіліс алмайтынын айтты. Спортшы  жаттығуға қайта оралуға асық екенін жеткізді. Былтыр Илья Ильин оқырмандарға шашын тақырлап алып тастағанын айтып, көпті таң қалдырған болатын. Кейін белгілі болғандай спортшы шашын қалыңдату үшін Түркияға барып, арнайы кішігірім ота жасатқан. Айта кету…

Толық оқу

Журналист 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздарды сұлулық салонына апарды

Түркістан облысында 17 жыл бойы еңбек құлдығында болған апалы-сіңлілі қыздарды журналист Руслан Өтепбай мереке күндері сұлулық салонына апарды. Журналист әлеуметтік желіде осы сәттен видео жариялады. Руслан Өтепбай мерекеде екі қыздың көңіл-күйін көтеру үшін шашын әсемдеткен. «Мереке қарсаңында Назгүл мен Құндызды сұлулық салонына апарып, шаштарын әсемдеп, қалыпқа келтіріп қайттық. Қыздар әдемі болып кеткен бе?», — деп…

Толық оқу
Яндекс.Метрика