Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты • Ұлттық ұлан кинология орталығында 24 күшік қызметке дайындалып жатыр • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты • Ұлттық ұлан кинология орталығында 24 күшік қызметке дайындалып жатыр •

    Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды

    Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді. Турнирге Елена Рыбакина да қатысады, жүлде қоры 1 206 446 доллар.

    Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды

    Сурет: sports.kz

    Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швёнтек Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысады. Бұл туралы Brisbane International турнирінің баспасөз қызметі бүгін ресми түрде хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Рейтингте тоғызыншы орында тұрған Швёнтек үшін бұл брисбендік «бес жүздікте» алғашқы өнер көрсетуі болады.

    Айта кетейік, Brisbane International турниріне қатысатыны бірінші болып расталған спортшы — Қазақстанның өкілі Елена Рыбакина. Ол 2024 жылы осы турнирде чемпион атанған болатын.

    Брисбендегі дода 2027 жылдың 3-10 қаңтары аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры 1 206 446 АҚШ долларын құрайды. 2025 және 2026 жылдары әйелдер арасындағы жекелей сында беларусь теннисшісі Арина Соболенко жеңімпаз атанған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →