Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) •

    «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған

    «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған

    Фото: Атырау облысының полиция департаменті

    Атырауда 11-12 жастағы бір топ бала ойнап жүріп, шамамен 300  мың теңге ақша салынған әмиян тауып алған. Балалар жақын маңайда жүрген полицияға жүгіріп барып, ақшаны сол қалпында тапсырған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Балалардың адалдығы мен тәрбиесіне таң қалған полиция қызметкерінің қуанышы қойнына сыймаған.

    «Достар, кеше керемет жағдай болды. Бесінші-алтыншы сыныптың оқушылары ақша толы әмиян тауып алыпты. Олар ол ақшаны бөліп алмай, тығып қоймай, бірден айналада жүрген полиция қызметкерлеріне табыстады. Ақша кейіннен  иесіне қайтарылды. Иесі қатты қуанды», — дейді полиция қызметкері.

    Бірақ, полицей ақшаның қалай жоғалғанына, оның кімдікі екеніне емес, балалардың әрекетіне баса назар аударған.

    «Бұл жерде 11-12 жастағы балалардың адалдығы мен полицияға деген сенімі – ата-анасының дұрыс тәрбие бергенін көрсетеді. Біздің болашағымыз жарқын екенін көрсетеді», — дейді видеодағы полицей.

    Ал Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ақша 17 қараша күні табылыпты.

    «17 қараша күні Нұрсая шағын ауданын патрульдеп жүрген батальон қызметкерлеріне бір топ оқушы келіп, көшеден әмиян тауып алғандарын айтқан. Әмиянның ішінде 300 мың теңге көлемінде ақша болған. Балалар ақшаны тығып қоймай, полиция қызметкерлеріне берген. Полиция иесін тауып, ақшаны қайтарып берді», — — деп хабарлайды Атырау облысының полициясы.

    Ал видеодан байқағынымыз, балалар ақшаны полицияға тапсырғаннан кейін көліктің сыртында полицияның жұмысына қызыға қарап тұрған. Ал әмиянның ішінен теңге ғана емес, долларды да байқауға болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →