Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында • Айгүл Иманбаева: келін ата-енені де тәрбиелейді • Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында • Айгүл Иманбаева: келін ата-енені де тәрбиелейді • Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады •

    Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман тізіміне енді. Рейтингті Иорданиядағы Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы жариялады.

    Тоқаев пен Димаш 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман қатарында

    Фото: Ақорда

    2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен танымал әнші Димаш Құдайберген енді. Рейтингті Иордания астанасы Амманда орналасқан Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы жариялады. «The Muslim 500» тізімінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Саясат» санатына қосылса, Димаш Құдайберген «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша аталған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Рейтингті жасаушылар алғашқы 50 адамның орнын нақты белгілеген, ал қалған қатысушыларды қызмет салаларына қарай топтастырған. Тізімге діни қайраткерлермен қатар саясаткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, спортшылар және мәдениет өкілдері де енген.

    Биылғы рейтингте бірінші орынды бес тұлға бөліскен: Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз, тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман, Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф, Пәкістан фельдмаршалы Асим Мунир және Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған. Сондай-ақ Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи мен Иордания королі Абдалла II де рейтингтің алғашқы бестігіне кірген.

    Орталық Азия мемлекеттері арасында ең жоғары нәтижені Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көрсеткен. Ол 40-орынға жайғасып, алғаш рет үздік 50 адамның қатарына қосылды.

    Бұдан бөлек, тізімнен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты және танымал спортшы Хабиб Нұрмағомедовті де көруге болады. Соңғысына арнайы құрмет белгісі берілген.

    Әлемдегі ең ықпалды мұсылмандардың тізімі 2009 жылдан бері жыл сайын жарияланып келеді. Рейтингке тұлғаларды енгізу кезінде олардың мұсылман қауымының өміріне, қоғамдық үдерістерге, саясат пен мәдениетке ықпал ету мүмкіндігі ескеріледі.

    Жалпы рейтинг 13 бағытты қамтиды. Олардың ішінде саясат, дін, бизнес, қайырымдылық, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, өнер және спорт салалары бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →