Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: https://farabi.university/
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тағы бір студентіне қатысты шұғыл ақпарат тарады. Алдын ала болжам бойынша, студент қыз өзін өзі жаралаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде және бірқатар пабликтерде тараған еді. Полиция департаменті оқиғаны растады. Полиция оқу орнының атын атаған жоқ.
«Алдын ала болжам бойынша қаладағы оқу орындарының бірінде студент қыз өзін-өзі жаралады. Дәрігерлер оны тексерді», — деп хабарлаған полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің басына қара бұлт үйіріліп алды. Қараша айында оқу орнының екі студенті көз жұмды: бірінші курс студенті алдын ала болжам бойынша суицид жасаса, ұл баланы екінші курстың ұлдары ұрып өлтірді.
