Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды •

    «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

    «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

    Фото: Sports.kz.

    Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне 44 жастағы бельгиялық маман Карел Герартс тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы клубтың амбассадоры әрі тең иесі Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

    «Карел Герартс — «Ордабасының» жаңа бас бапкері. Ол бұған дейін «Юнион», «Шальке» және «Реймс» клубтарын жаттықтырған», – деп жазды Бейбіт Әлібеков.

    Карел Герартс бұған дейін Бельгияның «Юнион» командасын 57 матчта жаттықтырған. Оның жетекшілігімен клуб Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті.

    Одан кейін немістің «Шальке» клубын тізгіндеп, командамен 33 кездесу өткізді. Ал маманның соңғы жұмыс орны Францияның «Реймс» клубы болды. Бұл командада 40 матч өткізген Герартс 2026 жылдың мамырында қызметінен кеткен.

    Айта кетейік, 2026 жылғы маусымда «Ордабасы» молдовалық маман Андрей Мартиннің жетекшілігімен клуб тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады. Шымкенттік команда Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, ел кубогының финалында Қызылорданың «Қайсар» клубын 4:1 есебімен жеңді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →