Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтады • Тоқаев ҚазҰУ ректоры Түймебаевтың білім саласындағы еңбегін атап өтті • Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе берді • Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады • Василий Тахтай Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті болды • Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтады • Тоқаев ҚазҰУ ректоры Түймебаевтың білім саласындағы еңбегін атап өтті • Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе берді • Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады • Василий Тахтай Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті болды •

    Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтап, Қазақстан мен ұйым арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бейіл екенін растады.

    Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Милтон Дикпен кездесуінде оны Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапты миссияны абыроймен атқаруына тілеулестік білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Парламентаралық одақпен көпжылдық жемісті ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын жеткізді. Ол Парламентаралық одақты халықаралық серіктестікті ілгерілететін маңызды институт деп атап, ұйыммен байланысты тереңдетуге бейіл екенін растады.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды нығайту бағытында қолға алынған реформаларға тоқталды.

    Өз кезегінде Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде сапармен келіп отырған алғашқы ел Қазақстан екенін айрықша атап өтті. Бұл ретте ол еліміздегі саяси, экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады.

    Әңгімелесу барысында тараптар парламенттік дипломатия, жасанды интеллектінің дамуы және Қазақстан-Аустралия ынтымақтастығының келешегі жөнінде пікір алмасты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →