Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған •

    Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды

    Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды

    Фото: Алматы әкімдігі

    Биыл 20-30 қараша аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматыны көркейтуге арналған жобалар бойынша онлайн дауыс беру өтеді.

    Дауыс беруге Алматыда тұрақты тіркеуі бар, кәмелет жасына толған кез келген тұрғын қатыса алады.

    Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында жүргізіледі. Ол үшін порталдың басты бетіндегі «Дауыс беру» бөлімін таңдап, ұсынылған жобалармен танысу және ұнаған үш жобаға дейін қолдау білдіру қажет. Дауысты растау үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS-код қолданылады.

    Бағдарлама аясында мегаполис тұрғындарынан барлығы 2 128 жобалық ұсыныс түскен. Оның 471-і дауыс беруге жіберілді.

    Ең көп дауыс жинаған жобалар 2027 жылы аудан әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылады.

    «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңес немесе қосымша ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі нөмірі – 203) телефоны арқылы алуға болады.

    Алматы тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысып, қалалық ортаны жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға шақырамыз!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →