Ақтауда емхана су астында қалды

Ақтаудағы №2 емхананы су басты. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері болған жағдайға қатысты пікір білдірді.Басқармадағылар оқыс оқиғаға жылу батареясын сындырып алған науқас кінәлі екенін айтты. Ол жылу батареясына сүйеніп тұрғанда, батарея бір бөлігі сынып кеткен. Салдарынан екінші қабаттан атқылаған су төмендегі электр желісі шоғырланған қорапқа жетіп, қауіпсіздік дабылы қосылған. Денсаулығы сыр беріп, дәрігердің…

Толық оқу

Алматыда екі бозбала такси жүргізушісін өлтіріп, көлігін ұрлап кеткен

Такси жүргізушісі Ділмұрат Пірмахамадов 19 шілде күні Шымкент-Алматы бағытына жол жүріп, көлікке екі бозбаланы отырғызған. Алайда ақшаны діттеген жерге жеткеннен кейін береміз деген балалар ер азаматқа пышақ сұғып, көлігін ұрлап әкеткен. Ділмұрат Пірмахамадовтың әйелі  «Көреміз» бағдарламасына келіп, оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz. Марқұм такси жүргізушісінің жұбайының айтуынша, бес баланың әкесі нәпақа табу үшін…

Толық оқу

Оралда түнде жұмыстан шыққан қызды зорламақ болған күдіктіге сот отырысы басталды

Зорлыққа көнбеген қызды бес рет пышақтаған оралдық тұрғын жазадан құтылып кетуі мүмкін. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары мәлімдеді, деп хабарлады «Астана» арнасы. Қазір бұл іс жабық сотта қаралып жатыр. Жәбірленушінің туыстары күдіктіге тағылған айыппен келіспейді. Өйткені ол қорғансыз қызды өлтіруге тырысса да, зорламақ болды деген айып тағылыпты. Демек оған берілер жаза әкімшілік айыппұлмен ғана шектелуі мүмкін….

Толық оқу

БҚО-ның 5 ауданында мемлекеттік архив ғимараттары салынады

Мемлекеттік архивке 100 жыл толуына орай Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған еліміздің әр өңіріндегі мамандармен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Ресей елдерінен делегаттар келіп, өлкетану ғылымы мен мұрағаттарға қатысты жаңа деректермен бөлісті. Конференцияның негізгі мақсаты – архив ісінің және сол мамандықтың маңыздылығы мен беделін арттыру, салаға көңіл бөлу, сондай-ақ мекемелермен өзара тәжірибе алмасу болды….

Толық оқу

СҚО-да сілеусін 44 қойды қырып кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында сілеусін бір отар қойды қырып кетті. Айыртау ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде таңғы сағат 5 шамасында 44 қойдың қырылып жатқаны анықталды. Бақташылар нақты себебін таппады. Содан бірден аудандық полицияға хабар берген. Оқиға орнынан шұғыл тергеу тобы жіберілді. «Тексеріс кезінде үй жануарларынан тістелген және тырналған жаралар анықталды. Ал тамақ тұсындағы жарақаттар өлімге себеп болған….

Толық оқу
Яндекс.Метрика