Тоқаев бүгін жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады», — деп хабарлады Ақорда. Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Үкіметтің орнынан түсуі туралы жарлыққа қол қойған еді. Ал премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. Одан кейін бұрынғы…

Толық оқу

Шымкентте шенеунікті әкімнің жиналысы кезінде ұстап әкетті (ВИДЕО)

Шымкентте әкімнің жиналысы кезінде тұрғын үй басқармасының басшысын ұстап әкетті. Ұстау сәті түсірілген видеоны қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Видеороликтен әкім жемқор шенеуніктер де, адал шенеуніктер де жұмыс істейтінін айтқанын көруге болады. Сосын жиналыс барысында кабинетке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері келіп, Азат Момыновқа тергеу шараларын жүргізу үшін келіп…

Толық оқу

Бүгін Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады

Фото: Ақорда Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Толық оқу

Семейде ірі сауда үйі отқа оранды

Фото: newsgeorgia.ge Семейдегі ірі сауда үйінен алапат өрт шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. ҚазАқпарат мәліметінше, қаладағы киім-кешек саудаланатын ең ірі сауда орнында таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан. Қазіргі уақытта сол жерде өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр. «Полиция қызметкерлері арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен…

Толық оқу

АҚШ Украина мен Израильді қолдауды күшейтеді

АҚШ Сенаты Украина мен Израильді қаржылай қолдау жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Құрама Штаттардың сенаторлары Украинаға, Израильге және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайтуға көмектесу мақсатында қаражат бөлу үшін жалпы сомасы 118 млрд долларлық қосымша қаржыландыру жөнінде қоспартиялық заң жобасына келісім берді. Құжатқа сәйкес, Украинаны қолдауға 60,06 млрд доллар, Израильге қаражат жағынан көмектесуге…

Толық оқу
Яндекс.Метрика