Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды • Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін «тіршілік үшін күрес» деп бағалады • Тоқаев: Қазақстан технологиялық жаңаруды жеделдетуі керек • Эфир — жаңа базар: сатушы камера алдында, ал жұмыстың көбі камерадан тыс • Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды • Тоқаев: Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айналады • UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды • Тоқаев Орталық Азиядағы су мәселесін «тіршілік үшін күрес» деп бағалады • Тоқаев: Қазақстан технологиялық жаңаруды жеделдетуі керек • Эфир — жаңа базар: сатушы камера алдында, ал жұмыстың көбі камерадан тыс • Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды • Тоқаев: Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айналады •

    UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды

    UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды
    Фото: Виталий Тимкив/РИА Новости

    Құжатта турнирге қатысатын 54 ұлттық құраманың тізімі көрсетілген, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Бірақ, олардың арасында Ресей құрамасы жоқ.

    Жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. Ал іріктеу ойындары келесі жылдың наурыз айында басталмақ. Ресей құрамасы УЕФА мен ФИФА енгізген санкцияларға байланысты жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылған.

    Іріктеу кезеңінде командалар 12 топқа бөлінеді. 6 топта төрт құрамадан болса, қалған 6 топта бес командадан бақ сынайды.

    Жеребе кезінде саяси жағдай мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бірқатар шектеу ескеріледі. Мәселен, Косово Сербия және Босния және Герцеговина құрамаларымен бір топқа түспейді. Сондай-ақ, Әзербайжан мен Армения, Гибралтар мен Испания, Беларусь пен Украина командалары да өзара бір топта ойнамайды.

    Қазақстан құрамасы жеребе тарту рәсімінде төртінші себетте болады. Бұл себетке Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Қазақстан, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары және Сан-Марино құрамалары енген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →