Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сүйіктісімен сурет жариялап, желі қолданушыларын қызықтырды
Әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Instagram-да сүйіктісімен сурет жариялап, «Махаббат, JM» деп жазды. Желі қолданушылары оны Мирас Жүгінісов деп болжап отыр.
Фото: Instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялап, оқырмандарын елең еткізді. Өнер иесі Instagram парақшасында ер адаммен бірге түскен фотосын бөлісті. Алайда суретте жігіттің жүзі толық көрінбейді, ал әнші оның кім екенін ашып айтпаған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Махаббат, JM», – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары жазбадағы екі әріпке ерекше назар аударды. Кейбірі оның әнші Мирас Жүгінісовке қатысы болуы мүмкін екенін болжап, пікір қалдырған.
«Жүгінісов Мирас деп тұр ма?», «Әнші Мирас емес пе екен?», «Тезірек тауып қойыңдаршы», «Мен білемін, бірақ айтпаймын», «Кім болса да жақсы жігіт болсын», «Бақытты болыңдар», – деп жазды оқырмандар.
Әзірге Ақбота-Нұр суреттегі азаматтың кім екенін жариялаған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тағы да қалыңдық атанатыны хабарланған еді. Ол сұхбаттарының бірінде жақында екінші рет тұрмыс құратынын жеткізді.
«Менің басым бос емес. Жүрегімді жаулаған серігімнің кім екенін жарты жылдан кейін сұраңыздар. Сол кезде тойыма шақырамын», – деді ол.
Әнші әңгіме барысында сүйіктісінің де сол жақта жүргенін ашық айтты. Сондай-ақ өнер иесінің сөзіне қарағанда, болашақ жары өнер жолынан аулақ.
