Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Психолог Құралай ханым Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы туралы өсекке пікір білдірді • Ақтөбе–Ұлғайсын: 262 шақырым жолға 496 млрд теңге • Мөлдір Мұқан қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді • Жазира Байырбекова Instagram-да шұғыл сынықшы іздеп жатыр • Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сүйіктісімен сурет жариялап, желі қолданушыларын қызықтырды • Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтады • Психолог Құралай ханым Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы туралы өсекке пікір білдірді • Ақтөбе–Ұлғайсын: 262 шақырым жолға 496 млрд теңге • Мөлдір Мұқан қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді • Жазира Байырбекова Instagram-да шұғыл сынықшы іздеп жатыр • Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сүйіктісімен сурет жариялап, желі қолданушыларын қызықтырды • Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болуымен құттықтады •

    Психолог Құралай ханым Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы туралы өсекке пікір білдірді

    Психолог Құралай ханым жайдарманшы Тұрсынбек Қабатовтың тоқалының неке куәлігі туралы астарлы ойына қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

    Психолог Құралай ханым Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы туралы өсекке пікір білдірді

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Танымал психолог әрі коуч Құралай ханым жайдарманшы Тұрсынбек Қабатовтың тоқалының неке куәлігі жөнінде «бір жапырақ қағаз» деп астарлап айтқан ойына қатысты пікірін желідегі парақшасында жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Неке куәлігі жай ғана бір жапырақ қағаз ба? Біреудің төсегін өсек қылғың-ақ келмейді, бірақ ол өсек өсіп келе жатқан жеткіншектің ой-өрісіне, сосын өміріне әсер ететінін ойласақ, осы жолғы өсектен өтіп кеткім келмеді. Бала кезде «үй жинап қой» десе, ойынға айналып, мама жұмыстан кеп қалғанда бер жағын сыпырып, қалғанын паластың астына ысқыртап, қоқыстарға «қоныс той» жасаушы едік қой… Өзімізді сендіргім келетін: үй жиналды, киім бүктелді, ыдыс жуылды, мен қандай пысықпын деп. Ондайда «Тазалықты сүйемін» деген жанайқай Алла алдында таза екеніңнің дәлелі емес. Ал адамдардың жадында «роман өртеп, атың шыққан адам болып қала бересің».

    Адамның өз өмірі туралы шындық пен қиялды араластырып, болмаған оқиғаларды болғандай етіп, қайта-қайта әңгімелеуге бейімділігін психологияда «псевдология фантастика» деп атайды. Қарапайым тілмен айтқанда, адам өзінің шынайы өмірінен гөрі, өзі ойлап тапқан өмірбаянын қызығырақ көріп, соны өзгелерге шындық ретінде ұсынады.

    Жұлдыздардың «жұлдыз жұбайлары» осылай өткен өмірлерін жылтыр қылып көрсеткісі кеп, жырлап отыруы — енді біреудің ғана шаруасы емес, енді бәріміздің шаруамыз. «Бір жапырақ қағазды» қағаз көрмей, ерсі қылыққа ілесіп, сол жолдағылармен тіресіп, сосын өмір бойы күресіп жүру — норма екен ғой» деген ой бүршік атып үлгерген шығар, кей санада.

    Және бұл «былық пен қылықтың» насихаты мен «тоқал болудың плюстары» деген жасырын уағыз тоқтайтын емес. Енді ел ұмытты ма дегенде, назарды өзіне қайта бұруда. Өзіңіз ойлай беріңіз, осы уақыт ішінде талай бойжеткеннің «ұят болады» деген әрекеттен қанша рет аттап үлгергенін…

    Солға қарай бұрылу, бұрынғымен қырылу мен ұятсыздыққа ұрылу орын алып, бетің күліп тұрса да, ішің күрең тартып, жұртқа адал болып көріну үшін, мың әріп жазып, жаның шүберекке тығылғанша, «ақырын жүріп, анық басшы сіңілім», — деп жазды ол.

    Көпшілік оның бұл пікіріне қолдау көрсетіп, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →