Жахан Отарғалиевтің әйелі отбасындағы қайғылы жағдай туралы жазды
Жахан Отарғалиевтің әйелі Сейіт Ақтолқын отбасындағы жағдай туралы жазба жариялап, сәбиінің жүрегі тоқтағанын хабарлады.
Сурет: sn.kz
Жахан Отарғалиевтің жұбайы Сейіт Ақтолқын отбасындағы жағдай жөнінде әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол сәбиінің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады.
«Көбі Жахан жариялаған видеоны соңына дейін қарамай құттықтауды бастап кетіпті. Өкінішке қарай бәрі біз ойлағандай болмады. Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды. Бірақ барлығы Алланың қалауымен. Бұйырса әлі талай армандарымызға жетеміз, Алладан үмітіміз үзілмесін», деп жазды ол.
Айта кетейік, Жахан Отарғалиев өзінің желідегі парақшасында отбасындағы жаңалықты бөліскен болатын.
